ШҚО-да «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 10,6 млн теңгеге қатысты заңбұзушылықтар анықталды

Марқакөл ауданының прокуратурасы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясындағы келісімшарттардың қалай орындалып жатқанын тексерді. Кейбір мемлекеттік қолдау алушылар өз міндеттемелерін орындамаған. Анықталған фактілер бойынша жалпы сома 10,6 млн теңгені құрады.

Солардың бірі медициналық колледжді бітіріп, аудандық ауруханаға жұмысқа келген мейіргерге қатысты. 2023 жылы Күршім ауданы әкімінің қаулысымен оған 5 млн теңге бюджеттік кредит беріліп, 345 мың теңге көтерме жәрдемақы төленген. Марқакөл ауданы 2024 жылға дейін Күршім ауданының құрамында болған.

Келісімшарт бойынша маман ауылдық елді мекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге тиіс еді. Прокуратура оның бұл міндеттемені орындамағанын анықтады.

Прокуратура қабылдаған шаралардан кейін мемлекет кірісіне 2,95 млн теңге қайтарылды. Қалған соманы өндіріп алу бақылауда. Бюджет қаражатының заңды әрі мақсатты пайдаланылғанын тексеру жалғасып жатыр.

Новые статьи

Касым-Жомарт Токаев предложил кандидатуру Ерлана Кошанова на пост председателя Халық Кеңесі

Об этом стало известно из речи главы государства на первой сессии Қазақстан Халық Кеңесі, которая прошла сегодня. Согласно данным Акорды, председателя будут избирать на четыре...

Швейцария рассматривает запуск регулярных рейсов в Казахстан

Казахстан и Швейцария расширили возможности для открытия прямого авиасообщения. Подписанный в Астане меморандум даёт назначенным авиакомпаниям право выполнять до 28 пассажирских рейсов в неделю...

Курултай принял закон о партнёрстве Казахстана с Азиатским банком инфраструктурных инвестиций

Курултай принял в двух чтениях закон «О ратификации Рамочного соглашения о партнерстве между Правительством Республики Казахстан и Азиатским Банком Инфраструктурных Инвестиций». Документ устанавливает общие...

Қалжыр амбулаториясы ауылдың 1145 тұрғынына медициналық көмек көрсетеді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Марқакөл ауданына жұмыс сапары барысында Қалжыр ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жұмысымен танысты. Мекеме ауылдың 1145 тұрғынына қызмет көрсетеді. Амбулатория алғашқы...