Қалжыр амбулаториясы ауылдың 1145 тұрғынына медициналық көмек көрсетеді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Марқакөл ауданына жұмыс сапары барысында Қалжыр ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жұмысымен танысты. Мекеме ауылдың 1145 тұрғынына қызмет көрсетеді.

Амбулатория алғашқы медициналық-санитариялық, амбулаториялық-емханалық және стационарды алмастыратын көмек көрсетеді. Оның жанында 2 төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді. Амбулатория құрамына «Қазақстан», «Жаңаауыл» және «Тақыр» медициналық пункттері кіреді. Мұнда 12 адам еңбек етеді.

Жыл басынан бері ауылда 7 сәби дүниеге келді. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Қазір 230-дан астам тұрғын диспансерлік есепте тұр.

Амбулаторияда тұрғындарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Ұлттық дәрілік саясат аясында республикалық бюджет есебінен 150-ден астам атаудағы дәрі-дәрмек тегін беріледі.

Өңір басшысы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына назар аударып, ауыл тұрғындарына медициналық көмекті уақтылы көрсету қажеттігін атап өтті.

Новые статьи

В четыре села района Маркаколь планируют провести оптоволокно до конца 2027 года

В районе Маркаколь четыре села пока остаются без доступа к интернету. До конца 2027 года в этих населенных пунктах планируют довести волоконно-оптические линии связи...

Для фитнес-клубов Казахстана разработали проект профстандарта

В Казахстане разработали проект профессионального стандарта «Деятельность фитнес-клубов». Он предусматривает единые квалификационные требования к специалистам отрасли. Документ подготовило Министерство туризма и спорта при участии...

В селе Тоскаин Маркакольского района строят школу на 100 мест

Об этом сегодня сообщил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов на встрече с жителями Маркакольского района в селе Калжыр. – В селе Маркаколь, где проживают около...

Марқакөл ауданында мыс өндіру және өңдеу зауыты кеңейтіледі

Бұл туралы бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қалжыр ауылында аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді. – Марқакөл ауданын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған жоспары бекітілді....