Риддер тұрғынының гаражынан 6 келіге жуық марихуана табылды

Риддер қаласында полицейлер жергілікті тұрғынның гаражынан төрт қарасора түбін және шамамен 6 келі кептірілген марихуана тапты. Есірткі заттары облыс прокуратурасының үйлестіруімен «Қарасора» жедел алдын алу шарасы барысында анықталды.

— Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына гаражда есірткі құрамдас өсімдіктер мен жалпы есірткі заттары сақталуы мүмкін деген ақпарат түскен. Оны тексеру мақсатында Риддер қаласының полиция қызметкерлерімен бірлесіп шұғыл тінту жүргізілді. Аталған жерді тінту барысында төрт түп қарасорадан бөлек, кептірілген өсімдік тектес зат және ішінде есірткі заттарының қалдығы бар ыдыс табылды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Сараптама нәтижесінде тәркіленген өсімдіктер қарасора тұқымына жататыны анықталды. Ал кептірілген өсімдік тектес зат марихуана деп танылды. Оның жалпы салмағы 5,8 келіден асты. Сонымен қатар тәркіленген заттар құрамынан шамамен 15 грамм есірткі анықталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Новые статьи

В центральном аппарате МВД открыли комнату психологической разгрузки для полицейских

В центральном аппарате министерства внутренних дел появилась комната психологической разгрузки для сотрудников. Здесь полицейские смогут получить консультацию специалиста, восстановиться после эмоциональных нагрузок и снять...

В Восточном Казахстане завершился селеопасный период

С 16 сентября в Восточно-Казахстанской области завершен селеопасный период, который продолжался с 15 мая. За это время в регионе не произошло чрезвычайных ситуаций и...

ВКТУ расширяет международное сотрудничество с университетами Кореи

Восточно-Казахстанский технический университет имени Д. Серикбаева подписал меморандумы о взаимопонимании с Hanbat National University и Kyungsung University. Договорённости достигли в рамках государственного визита Президента...

В Казахстане предложили расширить меры поддержки детей с инвалидностью

Депутат партии «Әділет» Елдос Баялышбаев направил премьер-министру Олжасу Бектенову депутатский запрос о совершенствовании системы комплексной поддержки детей с инвалидностью с учетом их индивидуальных способностей...