Өскемен қаласындағы Пограничная көшесіне 3.20 «Басып озуға тыйым салынады» жол белгісі орнатылды.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Пограничная көшесінің жанармай құю станциясынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігінде ұсақ жол-көлік оқиғалары жиі тіркеледі.
— Бұл учаскеде негізгі мәселе — бағдаршам алдында көліктердің жиналуы. Жүргізушілер көлік кептелісін айналып өтуге, басып озуға немесе іргелес аумақтардан, соның ішінде жанармай құю станциясынан жолға шығуға тырысады. Бұл өз кезегінде көліктердің соқтығысу қаупін арттырады, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері аталған учаскеге «Басып озуға тыйым салынады» жол белгісін орнату туралы шешім қабылдаған.
— Алдағы екі күнде бұл учаскеге тиісті жол таңбасы түсіріледі. Атап айтқанда, басып озуға шектеу қойылған аумақта тұтас сызық орнатылады, — деп толықтырды ШҚО полиция департаментіне

