Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлар отыр.
— Жедел басқару орталықтарындағы камералардың арқасында осы жылдың жеті айында 16 289 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішіндегі басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты — 11 688 жағдай. Бұдан бөлек, камералар қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішудің 1 759 фактісін анықтауға көмектесті. Полиция қызметкерлері әр құқықбұзушылық бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылдады, — делінген ақпаратта.
Бейнебақылау жүйесінің жұмысы полицияға құқықбұзушылықтарды тек тіркеп қана қоймай, оларға жедел ден қоюға, заңбұзушылықтардың алдын алуға және өңір көшелеріндегі тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді.

