ШҚО-дағы ауыл мектептерін дамытуға бағытталған жаңа жоба мақұлданды

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесі Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл мектептерін дамытуға бағытталған «QH Ауыл мектебі: тең мүмкіндік — Шығыс Қазақстан облысы» қайырымдылық жобасын бірауыздан мақұлдады.

Жоба ауыл мен қала мектептері арасындағы білім беру алшақтығын азайтып, ауыл оқушыларының заманауи білім беру ресурстарына, технологияларына және сапалы оқытуға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қамқоршылық кеңесінің отырысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Қазіргі таңда облыста 347 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Онда 98 967 оқушы білім алады. Мектептердің 258-і, яғни 74,4 пайызы ауылдарда орналасқан. Бұл білім ордаларында 33 мыңнан астам бала оқиды. Ауыл мектептерінің басым бөлігін шағын жинақты мектептер құрайды. Осыған байланысты жаңа жоба ең алдымен ауыл мектептерінің мүмкіндігін кеңейтіп, олардың білім сапасын арттыруға бағытталған.

Жоба аясында бірін-бірі толықтыратын екі негізгі бағыт қарастырылған. Бірінші бағыт — шағын жинақты мектептерді дамыту. Мұнда цифрлық технологияларды енгізу және мектептер арасындағы желілік өзара байланысты күшейту көзделген. Жоба шеңберінде 14 тірек мектепке 2-3 шағын жинақты мектептен бекітіледі. Оның ішінде 8 тірек мектепке үштен, 6 тірек мектепке екіден шағын жинақты мектеп қосылады. Мектептер арасындағы қашықтық 2-ден 65 шақырымға дейінгі аралықты құрайды.

Екінші бағыт толық жинақты ауыл мектептерін дамытуға арналған. Оның аясында физика, химия және биология кабинеттері заманауи зертханалық құралдармен жабдықталып, педагогтердің біліктілігін жүйелі түрде арттыру және практикалық бағыттағы оқытуды енгізу жоспарланған.

Жоба тек мектептерді техникалық тұрғыдан жабдықтаумен шектелмейді. Кешенді бастама педагогтердің біліктілігін арттыруды, менторлық қолдауды, мектеп инфрақұрылымын жақсартуды және заманауи оқу құралдарымен қамтамасыз етуді қамтиды. Жобаны іске асыруға облыс әкімдігі мен білім беру саласының жауапты органдары да өз үлесін қосады. Атап айтқанда, облыс әкімдігі педагогтердің біліктілігін арттыруды қаржыландырып, кабинеттерде жөндеу жұмыстарын жүргізуді, интернет жылдамдығын арттыруды және онлайн сабақ өткізетін педагогтерге қосымша ақы төлеуді қамтамасыз етті.

Облыстық білім басқармасы 36 шағын жинақты мектептің 660-тан астам педагогі мен басшыларын және 30 толық жинақты мектептің 594 педагогі мен басшыларын біліктілікті арттыру курстарымен қамту бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізіп, тиісті келісімшарттар жасады. Осылайша, жоба аясында барлығы 1255 педагог пен мектеп басшысы оқудан өтеді.

Алғашқы жылы 36 шағын жинақты мектептегі физика, химия және биология пәндерінің мұғалімдері үшін зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған офлайн және онлайн шеберлік сабақтары өткізіледі. Сонымен қатар әр мектепке менторлардың екі рет баруы, педагогтердің жұмысын талдау және әдістемелік қолдау көрсету қарастырылған. Мұғалімдерге зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша онлайн курсқа қолжетімділік беріледі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын жоюды стратегиялық міндеттердің бірі ретінде айқындады. Бүгінде бұл бағытта цифрландыру мен жаңа технологияларды дамытуға да ерекше мән беріліп отыр.
«Қазақстан халқына» қорының ауқымды қолдауы — бұл жай ғана материалдық-техникалық базаны жаңарту емес. Бұл — балаларымыздың болашағына, олардың өз күшіне деген сеніміне және туған ауылында сапалы білім алу мүмкіндігіне салынған тікелей инвестиция», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

«QH Ауыл мектебі: тең мүмкіндік – Шығыс Қазақстан облысы» жобасы «Қазақстан халқына» қорының ауыл мектептерін қолдауға бағытталған жұмысының жалғасы болып отыр. Бұған дейін қордың осындай жобалары еліміздің бірқатар өңірлерінде жүзеге асырылып, жалпы 1142 мектепті қамтыған. Шығыс Қазақстандағы бастаманың негізгі мақсаты — ауыл мектептеріндегі білім беру сапасын арттырып, оқушылардың тұрғылықты жеріне қарамастан заманауи білім алуы үшін тең жағдай қалыптастыру.

Новые статьи

В ВКО полиция провела профилактический рейд после жалоб жителей садоводческого товарищества

Сотрудники полиции совместно с представителями местных исполнительных органов проверили обращения жителей одного из садоводческих товариществ вблизи областного центра. Граждане сообщали о нарушениях общественного порядка,...

Делегация парламента Великобритании обсудила с зампредом Курултая развитие стратегического партнерства

Заместитель председателя Курултая Нурлан Бекназаров встретился с делегацией парламента Великобритании во главе с членом Палаты общин, председателем специального комитета по обороне Таном Дэси. Стороны обсудили...

В Казахстане на закупках лекарств в 2026 году сэкономили 70 млрд тенге

В Казахстане расширяют практику прямых закупок лекарственных средств и медицинских изделий у производителей. По итогам закупочной кампании 2026 года совокупный экономический эффект составил 70...

Электронные больничные в Казахстане можно направлять работодателю через HR Enbek

Сервис «Больничные листы» работает в информационной системе HR Enbek с 2024 года. Он позволяет работникам получать сведения о временной нетрудоспособности в электронном виде и...