Алтай ауданында 2029 жылға дейін 120 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады

Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездескен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.

«Алтай ауданының 2029 жылға дейінгі даму жоспары бойынша 21,5 млрд теңге бюджет қаражатын және 121,8 млрд теңге жеке инвестиция тарту жоспарланған. Жеке инвестициялар есебінен өткен жылы Алтай қаласында 600 млн теңгеге демалыс орталығы салынып, Полянское ауылында 1075 басқа арналған сүт-тауарлы ферманың құрылысы аяқталды. Биыл Серебрянск қаласында жылына 400 мың форель шабақтарын өсіретін цех ашылып, Ермаковка ауылында балық шаруашылығын кеңейту жұмыстары және аудан орталығында қысқы спорт түрлеріне арналған кешеннің құрылысы жүргізілуде», — деді аймақ басшысы.

Ауданда 12,8 мың бас ірі қара, 12,3 мың бас қой-ешкі 9,4 мың бас жылқы бар. Осы жылдың 10 айында барлық санаттағы шаруашылықтар 2,4 мың тоннадан астам ет өндірді. Ал өндірілген сүт көлемі 13,5 мың тоннаны құрап отыр.

Алтайда туристер үшін 115 орын тіркелген. Жыл басынан бергі туристер саны — 17,6 мың адам. Биыл Малеевск ауылындағы Хамир өзенінде демалыс базасының құрылысы аяқталды. Жаңа Бұқтырма кентінде «Мелада» демалыс базасын жаңғырту жұмыстары және Бұқтырма станциясында туристік жол бойындағы «Пристань» кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Туризмді дамыту – бұл инфрақұрылым, жол, байланыс, қауіпсіздік, жол бойындағы сервис, тамақтану, қызмет көрсету сапасы. Біз осы мәселелерді шешумен жүйелі түрде айналысып келеміз», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске пройдут Дни культуры Курчумского района

20-21 ноября в Усть-Каменогорске состоятся Дни культуры Курчумского района. В рамках двухдневной программы жителям и гостям города представят историю и культуру района, национальное ремесло,...

Өскеменде Күршім ауданының мәдени күндері өтеді

20-21 қараша күндері Өскемен қаласында Күршім ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады. Екі күнге жоспарланған шаралар аясында ауданның тарихы мен мәдениеті, ұлттық қолөнері және жергілікті кәсіпкерлердің...

Шемонаиха ауданыңда учаскелік полиция пункті ашылды

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Разин ауылдық округіне қарасты Красная Шемонаиха ауылында учаскелік полиция пунктінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Полиция...

В Шемонаихинском районе открыт участковый пункт полиции

В рамках реализации принципа «Закон и порядок» в селе Красная Шемонаиха Разинского сельского округа состоялось открытие участкового пункта полиции. В мероприятии приняли участие заместитель начальника...