Алтай ауданында туберкулезден өлім-жітім 66%-ға азайды

Ауданда медицина саласы қарқынды дамып келеді. Биыл ауданаралық аурухана аумағында магнитті-резонансты томография орналастыруға арналған ғимарат құрылысы басталды. Ал Тұрғұсұн ауылындағы дәрігерлік амбулатория салынып бітуге таяу. Жыл соңына дейін медициналық мекемелерге 4 заманауи жабдық сатып алынбақ.

«Бүгінде Алтайдағы денсаулық сақтау нысандарының құрал-жабдықпен қамтылу деңгейі – 83,1%. Биылғы жылдың басынан қатерлі ісіктен өлім-жітім 8,7%-ға, туберкулезден өлім-жітім 66%-ға, туберкулезбен науқастану 36,1%-ға төмендеді. Жалпы аудан бойынша 21 дәрігер жетіспейді», — деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Өз сөзінде ол денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен Алтай ауданының әкіміне қажетті медициналық кадрларды тарту бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

Білім саласына қатысты да оң өзгерістер бар. Осы жылы Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық мектеп құрылысы аяқталды. 10 білім ордасында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ мектептерге 3 оқу кабинеті сатып алынды.

Новые статьи

Более 1,3 тысячи человек уже освобождены по амнистии в Казахстане

В Казахстане продолжается реализация закона «Об амнистии в связи с принятием новой Конституции Республики Казахстан». Как сообщили в министерстве внутренних дел, исполнение закона находится...

В Семее предотвратили реализацию зараженной партии древесины из России

В области Абай специалисты территориальной инспекции комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе министерства сельского хозяйства выявили опасный карантинный объект в партии лесоматериалов, ввезенной из...

Астана примет выборный Конгресс УЕФА в 2027 году

22 апреля 2027 года в Астане пройдет 51-й Конгресс Союза европейских футбольных ассоциаций (УЕФА) — высшего руководящего и законодательного органа организации. Решения, принятые на...

Производство безалкогольных напитков в Казахстане выросло на 17%

В Казахстане продолжается рост производства безалкогольных напитков. По итогам января–мая 2026 года предприятия выпустили 1,6 млрд литров минеральной воды и безалкогольной продукции, что на...