ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметінен кетті

Басқарма басшысының міндетін атқарушы болып Нариман Алмасұлы тағайындалды. Бұған дейін басқарманы басқарған Данияр Уахитов қызметінен босатылды.

— Бұл шешім облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған жұмыстар аясында қабылданды. Шнайдер көпіріндегі апаттан кейін аймақ басшысының протоколдық тапсырмасымен құқық қорғау органдарының қатысуымен көлік саласына кешенді тексеріс жүргізілді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Уахитовтың заңға қайшы әрекеттері анықталды, — деп хабарлады ШҚО әкімі баспасөз қызметінен.

Іс бойынша соңғы құқықтық бағаны құзырлы органдар береді.

— Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ашықтықты қамтамасыз ету, тәртіп пен жауапкершілікті арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырып жатыр, — делінген хабарламада.

Новые статьи

В Казахстане утвердили форму информированного согласия на получение психологической помощи

В Казахстане утверждена форма информированного согласия получателя психологической помощи или его законного представителя. Документ содержит сведения о психологе, включая регистрационный номер в государственном реестре,...

Касым-Жомарт Токаев намерен досрочно прекратить полномочия маслихатов всех уровней

Президент Касым-Жомарт Токаев заявил о планах провести досрочные выборы в маслихаты всех уровней. По его словам, они станут заключительным этапом масштабной трансформации системы государственного...

Өскеменде жылыту маусымының басталу мерзімі ауа райына байланысты анықталады

Өскемен қаласында жылыту маусымының нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз. «Шығыс Жылу» АҚ мәліметінше, дәстүр бойынша жылу ауа температурасының тәуліктік орташа көрсеткіші бірнеше күн қатарынан...

Минздрав Казахстана усилит контроль за доступностью записи к врачам в поликлиниках

С октября в регионах начнется системный анализ работы организаций первичной медико-санитарной помощи. Возможность записи к участковым врачам и профильным специалистам будут проверять каждые две...