в

Семейде түрмеде отырып экстремистік материалдарды таратқан адамның жазасына тағы 9 жыл қосылды

Тергеу барысында анықталғандай, сотталған азамат қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде отырған. Ол WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы радикалды көзқарастар мен зорлық-зомбылықты насихаттайтын бейнематериалдар мен мәтіндерді таратқан.
— Айыпталушы әйел адамды қарулы жиһадқа шақыратын және өзге дін өкілдеріне өшпенділік тудыратын діни-экстремистік мазмұндағы материалдарды жолдаған. Сот сараптамасы бұл материалдарда терроризм мен діни араздықты насихаттау белгілерін анықтады, — деп хабарлады Абай облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Сот ер адамды ҚР Қылмыстық Кодексінің 256-бабы 2-бөлігімен (Бұқаралық ақпарат құралдарын және телекоммуникация желілерін пайдалана отырып терроризмді насихаттау) кінәлі деп таныды.
Сот шешімімен сотталушыға қатаң режимдегі түзету мекемесінде 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұрынғы мерзімді қосқанда ер адам 10 жыл түрмеде отырады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

В Казахстане ужесточено наказание за похищение невест

В Восточном Казахстане один из самых низких показателей младенческой смертности в стране