Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен мен Катонқарағай аралығындағы Өмеш асуы арқылы өтетін жолдағы шектеу 5 қараша сағат 08:00-ден бастап күшіне енеді.
— Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Өскемен-Алтай- Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 46-66 шақырымындағы учаскесінде тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл шектеу қыстың соңына дейін сақталады, — делінген ақпаратта.
Айта кетейік, көлік жүргізушілері жолдағы шектеулерге қатысты ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласып ала алады.
					
						

