в

ШҚО-да банкке 3 млн теңгеден астам қарызы бар азаматты полицейлер іздеп тапты

Источник фото: МВД РК

Шығыс Қазақстан облысында сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген азаматтарды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінен мәлім етті.

Көші-қон қызметі бөлімшесіне Абай облысының жеке сот орындаушысынан банкте үш миллион теңгеден астам қарызы бар 25 жастағы азаматты іздеу жөнінде қаулы келіп түскен. Ақпарат алынғаннан кейін полицейлер жедел шаралар қабылдап, тәулік ішінде борышкердің тұрған жерін анықтады

— Ер адам Өскемен қаласынан табылып, оған сот орындаушысымен кездесу ұйымдастырылды. Қарызды өндіру заңда белгіленген тәртіппен жалғасатын болады. Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері атқарушылық іс жүргізу бойынша іздеуде жүрген қырыққа жуық азаматты анықтады, — делінген ақпаратта.

В Восточном Казахстане стартовал первый областной телетурнир по традиционной стрельбе из лука «Жас Мерген»

Мясо в Казахстане подорожало на 19% за год