в

Өскеменде ипподром салынып жатыр

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласында салынып жатқан ипподромда болып, құрылыс барысымен танысты. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 1 млрд 385 млн теңгеден асады. Биыл 300,1 млн теңге игерілді. Мердігер компания — «DK Proekt» ЖШС.

Жалпы аумағы 40,37 гектарды құрайтын ипподром Ново-Явленка ауылының оңтүстік-батысында салынуда. Жоба бойынша ұзындығы 2200 метр ат жарыс жолы, үш қабатты әкімшілік ғимарат, үш тікбұрышты трибуна салу қарастырылған. Трибуналарда 141 көрерменге, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған екі орын болады.

Қазіргі уақытта нысанда жарыс жолының, ғимараттар мен құрылыстардың іргетасын дайындауға арналған жер жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аймақ басшысы құрылыс барысын бақылап, сапаға баса мән беруді және жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

— Ипподром — бұл тек спорт нысаны емес, өңірдің мәдени және туристік әлеуетін арттыратын маңызды жоба. Сондықтан құрылыс жұмыстары сапалы жүргізілуі қажет, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

В Уланском районе появится новая туристическая зона

В Усть-Каменогорске проведут конкурс граффити