Өскемен қаласының жаңа прокуроры болып Руслан Әлішев тағайындалды. Бұған дейін ол Абай облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
Руслан Әлішев 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Яссауи атындағы Қазақ-түрік халықаралық университетін және Орталық Азия университетін тәмамдаған. Прокуратура органдарында 2008 жылдан бері қызмет етіп келеді. Тараз қаласы прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі болып жұмыс істеген.
Кейіннен Бас прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінде еңбек етті.
2017 жылы Жамбыл көлік прокуратурасына басшы болып тағайындалды. Ал 2021-2022 жылдары Қордай ауданының прокуроры болған. 2022 жылдың тамыз айынан осы уақытқа дейін Абай облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
Айта кетейік, Өскеменге жаңа прокурор бұрынғы басшы Тимур Чакпантаев уақытша қызметінен шеттетілгеннен кейін тағайындалып отыр. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатқан Т.Чакпантаевқа өзіне бағынышты қызметкерлерді соққыға жықты деген айып тағылған.


