в

ШҚО-да жыл басынан бері 89 адам өндірісте жарақат алған

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан 934 жұмысшы зардап шегіп, оның 133-і қаза болған. Дегенмен, биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға төмендеген.

Жалпы, өндірістегі жарақаттану деңгейі өнеркәсіптік өңірлерде жоғары болып отыр. Мәселен, Қарағанды облысында – 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 89, Павлодар облысында – 68, Ақтөбе облысында – 64, Атырау облысында – 48 адам зардап шеккен. Сондай-ақ Алматы қаласында 51 адам өндірісте жарақат алған.

Салалар бойынша қарастырғанда, ең көп жарақат алу фактілері тау-кен-металлургия кешені кәсіпорындарында – 17,4% және құрылыс саласында – 10,2% тіркелген.

Еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты еңбек инспекторлары құқық қорғау органдарына 730 тергеу материалын жолдаған. Аталған материалдар негізінде 211 қылмыстық іс қозғалды.

ШҚО-да бірнеше браконьер құрықталды

На 40% выросли перевозки зерновых грузов в Казахстане