в

Жылыту маусымына дайындық 1 қазанға дейін толық аяқталуы тиіс — ШҚО әкімі

Шығыс Қазақстан облысында күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде жылу көздері мен негізгі нысандардың дайындығы 90%-дан асты.

Ең жоғары көрсеткіш Согра жылу электр орталығында – 97,2% және Риддер ЖЭО-да – 93%. Өскеменде дайындық деңгейі – 86,2%. Жалпы өңірдегі ЖЭО-лардың әзірлігі 89,8%-ды құрайды. Сонымен қатар 537 шақырым электр желісі, 39 қосалқы станса және 55 трансформаторлық пунктке күрделі жөндеу жүргізілді.

Қазандықтарды әзірлеу жоспардан ілгері жүріп жатыр. Нақты айтқанда, 190 автономды нысанның 187-сі дайын, ал орталықтандырылған қазандықтардың 94%-ы әзір. Дегенмен, Ұлан, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарында бұл жұмыстар әлі аяқталған жоқ.

Бюджеттік мекемелердің қыс кезіне дайындығы 98,7%-ды құрайды. Мектептер мен колледждерде дайындық толық аяқталған. Денсаулық сақтау нысандарында бұл көрсеткіш – 97%, әлеуметтік қорғау саласында – 83%, тұрғын үйлер 96%-ға дайын. Өскеменде – 100, Риддерде – 12, Глубокое ауданында – 2 үйдің дайындығы өз мәресіне жетпеген.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, барлық дайындық жұмыстары 1 қазанға дейін толық аяқталуы тиіс. Ол жауаптыларға дайындық паспорттарын дер кезінде ресімдеуді тапсырып, мерзімге сәйкес аяқтамаған бірінші басшылар жауапқа тартылатынын қатаң ескертті.

ШҚО-да бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай соғады

В детском магазине ВКО заметили ценники в другой валюте