в

ШҚО-да бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай соғады

«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының мәліметіне сүйенсек, 20 қыркүйекте күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауып, найзағай мен дауыл соғады.

— Түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан және солтүстік-шығыстан соғады. Жел жылдамдығы — күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр. Осы ретте, тұрғындардың найзағай кезінде үйде болғаны жөн. Терезені, есікті жауып, электр құрылғыларын қуат көздерінен ажырату керек, — делінген ақпаратта.

Государство возвращает земли в оборот: акцент на прозрачность и поддержку фермеров

Жылыту маусымына дайындық 1 қазанға дейін толық аяқталуы тиіс — ШҚО әкімі