в

Риддердегі Кедровка өзеніне ағып кеткен 64 жастағы ер адам әлі табылмай жатыр

Еске салсақ, оқиға 31 тамыз күні болған. Квадроцикл тізгіндеп келе жатқан ер адам Кедровка өзеніне құлаған. Қасындағы досы өз бетімен жағаға шығып үлгергенгенімен жүргізушіні ағын алып кетті. Содан бері еріктілер мен құтқарушылар жүргізушіні іздестіріп келеді.

— Іздестіру жұмыстарына қайықтар, өтімділігі жоғары техника мен дрондар тартылған. Алайда Риддер аймағында жауын-шашын толастамай, өзендегі су деңгейі күрт көтеріліп кетті. Өзеннің ағысы өте қатты. Сондықтан әзірге еш нәтиже жоқ, — деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен.

Құтқарушыларға көмек көрсету үшін Бутаково ауылының тұрғындар келді. Қазір өзен арнасы мен жағалау бойы мұқият тексеріліп жатыр. Еріктілердің өз қайықтары бар. Алайда әуеден шолу жасау үшін дрондар жетіспейді.

Зайсан ауданында жалғыз қалған ҰОС ардагері қайтыс болды

В Казахстане принимают меры по снижению цен на лекарства