в

Зайсан ауданында жалғыз қалған ҰОС ардагері қайтыс болды

Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Зәкен Құрманқожанов Зайсандағы жалғыз қалған ҰОС ардагері еді. Ол биыл 102 жасқа келген.

— Зәкен Құрманқожановтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз, — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, майдангер 1923 жылы Зайсан ауданында дүниеге келген. 1942 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, алғашында Мәскеу түбіндегі майданға жіберілген. Кейінірек танк батальонына ауыстырылып, дәлдеуші-атқыш ретінде соғысқа қатысқан.

Закен Құрманқожанов Смоленск, Киев, Витебск, Вильнюс, Рига қалаларын азат етуге қатысып, соғыстың соңында Берлинге дейін жеткен. Жауынгерлік ерлігі мен батырлығы үшін ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Беларусьті азат еткені үшін» медальдарымен, «Үздік танкист» төсбелгісімен марапатталған.

За год в РК открылись 145 школьных стоматологических кабинетов

Риддердегі Кедровка өзеніне ағып кеткен 64 жастағы ер адам әлі табылмай жатыр