в

Шығыс Қазақстанда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында экологтар 86 заң бұзуды тіркеді

Тексерістер ірі және шағын кәсіпорындарға жүргізілген. Жалпы салынған айыппұлдардың көлемі 2 млрд теңгеден асып отыр. Бұл туралы ШҚО Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Әсет Сүлейменов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Жарты жылдың ішінде 33 тексеріс жүргізілген. Ең ірі айыппұлдар өңірдің жетекші кәсіпорындарына салынды. Атап айтқанда:

— «Казцинк» ЖШС — 1,7 млрд теңгеден астам және қосымша 60,9 млн теңге айыппұл (толығымен төленді);
— «СиньСин» ЖШС — 1,066 млрд теңге;
— «ТМК» АҚ — 24 млн теңге;
— «Өскемен ЖЭО» ЖШС — 26,9 млн теңге.

— Тексеріс қорытындылары көрсеткендей, заңбұзушылықтар шағын бизнес нысандарында да, ірі өнеркәсіп орындарында да тіркелген. Әрбір факті бойынша нұсқама беріліп, тиісті шаралар қабылданды, — деді Әсет Сүлейменов.

Новый кабинет русского языка и литературы открыли в Самарском районе

Более 24 млн поездок по платным дорогам Казахстана за лето: куда стремились путешественники и какие маршруты стали лидерами