в

ШҚО-да ел азаматтығын алғысы келетіндер тестілеуден өтеді

Шығыс Қазақстан облысында 11 қыркүйекте ҚР азаматтығын алғысы келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тестілеуден өтеді.

Тіркеу 2-10 қыркүйек аралығында app.testcenter.kz платформасында жүргізіледі.

Тестілеу үш негізгі бағытты қамтиды. Атап айтқанда, қазақ тілі бойынша білім деңгейі, Конституция негіздері және ел тарихы. Әр тапсырмада төрт жауап нұсқасы берілген, олардың тек біреуі ғана дұрыс.

Ең жоғары ұпай – 100 балл. Тесті сәтті тапсыру үшін әр бөлім бойынша белгіленген ең төменгі межеден өту қажет: қазақ тілі – кемінде 15 балл, Конституция негіздері – 20 балл, Қазақстан тарихы – 15 балл.

Емтихан тапсыру уақыты – 2 сағат 10 минут. Мүгедектігі бар азаматтарға қосымша 30 минут беріледі.

— Бұл емтихан – жай ғана білім сынағы емес. Ол Қазақстанға қадам басу, елдің құндылықтарын қабылдауға, Конституциясын құрметтеуге және мемлекеттік тілді меңгеруге дайын екенінің белгісі, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасынан.

Тестілеу нәтижесі бойынша қатысушылардың жеке кабинеттерінде электронды сертификат қолжетімді болады.

В Усть-Каменогорске открылась новая школа на 600 мест с казахским языком обучения

Прокуроры завершили расследование дела о банде финансовых мошенников