в

Өскеменде 5 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын алғаш аттады

Бүгін Өскемен қаласындағы мектептерде Білім күніне арналған салтанатты жиындар өтті. Биыл облыс орталығында 5 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр.

Жыл сайын шаһар бойынша бірінші сыныпқа баратын оқушылар саны артып келеді. Жаңа оқу жылында Өскеменде үш жаңа мектеп есігін айқара ашты.

— Бүгін – бірінші сынып оқушылары үшін ерекше күн. Олардың саны 5 мыңнан асып отыр. Биыл үш жаңа мектеп пайдалануға берілді. Алдағы уақытта олардың саны артатын болады. Барша оқушылар мен ата-аналарды осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Білім жолында сәттілік пен жарқын жетістіктер тілеймін, — деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит.

Айта кетейік, жалпы осы жылы Шығыс Қазақстан облысында 98 мыңнан астам оқушы мектепке барады.

Өскеменде Үлбі өзеніндегі су деңгейі төмендеді

В Усть-Каменогорске официально открылся оптово-распределительный центр «Алтай»