в

Өскеменде қаршадай бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетті

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Карбышев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. 3 жасар баланың қалай құлап кеткені әзірге белгісіз.

— 102 жедел арнасына баланың биіктен құлағаны туралы хабар түсті. Белгілі болғандай, бала алтыншы қабаттағы пәтер терезесінен төменде орналасқан дәмхананың шатырына құлап түскен. Сол жерге бірден тәртіп сақшылары мен жедел қызметтер келіп жетті. Бала ауруханаға жатқызылды, — делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Предприниматели из Катон-Карагайского района стали примером для страны и мира

В Казахстане ведется масштабная геологоразведка