в

ШҚО-да әлеуметтік желіде халықты құмар ойынға тартқан блогерлер жауапқа тартылды

Шығыс Қазақстан облысында Instagram желісінде заңсыз лотерея ұйымдастырған 12 аккаунт және онлайн-казиноны жарнамалаған блогерлер анықталды.
Облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг нәтижесінде заңсыз лотерея қызметімен айналысқан 12 парақша анықталған. Аталған аккаунт иелері ҚР ӘҚБтК-нің 445-нің 1-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 5 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Бұдан бөлек, 2,3 млн және 303 мың жазылушысы бар екі танымал блогер сторис арқылы құмар ойынға сілтемелер мен промокодтар жариялаған. Бұл деректер құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құзырлы органдарға жолданды.

— Онлайн кеңістік — кәмелетке толмағандарға құмар ойындарды насихаттаудың негізгі құралдарының бірі болып отыр. Сондықтан біз интернет-контентті тұрақты түрде бақылауға алдық. Заңсыз ойын қызметін насихаттайтын сілтемелер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Кибербақылау» жүйесіне жіберіліп, бұғатталады, — дейді департаменттің 2-ші жедел басқармасының міндетін атқарушы Қуат Рахимбаев.

Осы жылы 637 сайтты бұғаттау туралы сұраныс жіберіліп, оның 591-і бойынша сілтемелер бұғатталды. Сондай-ақ заңсыз құмар ойындарын тікелей эфирде таратқан 21 интернет-ресурс анықталды.

В 2024 году льготное финансирование получили свыше 17 тысяч бизнес-проектов

Аким области провел прием граждан в Курчумском районе