в

ШҚО-да тамыз айында ауа райы қандай болады?

Жаздың соңғы айы Шығыс Қазақстанда салыстырмалы түрде салқын болады. Десе де айдың ортасында күн ысуы да мүмкін.

Айдың басында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ел аумағында найзағай соғып, жаңбыр мен бұршақ жауып, екпінді жел болады.

— Айдың бірінші онкүндігінде елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі температура 5-15 градус аралығында құбылса, күндіз 15-25 градус жылы болады. Тамыздың екінші және үшінші онкүндігінде ыстық күндерді салқын әрі жаңбырлы күндер алмастырады, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-дан.

Шығыста ауа температурасы құбылмалы болады. Ыстық күндері күндіз ауа температурасы +32 градусқа дейін көтерілсе, салқын күндері +18 +20 градус шамасында сақталады.

Малообеспеченным семьям в РК будут предоставлять скидки на продукты через цифровые ваучеры

Технологии ИИ активно внедряются в систему здравоохранения РК