«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының мәліметіне сүйенсек, 2 тамызда түнде облыстың солтүстігінде найзағай, бұршақ әрі дауыл күтіледі.
— Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел екпіні — 23-28 м/с, — делінген ақпаратта.
Ал өңірдің шығысында, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
— Өскемен қаласында күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні — 15-20 м/с.