в

ШҚО-да 21 орман өрті тіркелді

Источник фото: министерство экологии и природных ресурсов РК

Облыс бойынша биыл мемлекеттік орман қоры аумағында 21 рет өрт болды. Оның 17-сі найзағай салдарынан шыққ

— Өрт шарпыған жалпы аумақ шамамен 200 гектарды құрайды, келтірілген залал 1 миллион теңгеден асқан. Облыстағы аптап ыстыққа байланысты өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр, — деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Өрт қаупінің дәрежесі келесідей 5 сынып бойынша сипатталады: 1-сынып — өрт қаупі жоқ; 2-сынып – болмашы өрт қаупі; 3-сынып – орташа өрт қаупі; 4-сынып – жоғары өрт қаупі; 5-сынып – төтенше өрт қаупі

Соңғы күндері Шығыс Қазақстандағы орман өрті қаупі сыныптары келесідей:
— 3-сынып – Алтай ауданы, Риддер қаласы, Марқакөл ауданы;
— 4-сынып – Өскемен қаласы, Үлкен Нарын ауданы, Күршім ауданы;
— 5-сынып – Катонқарағай ауданы, Самар ауданы, Зайсан ауданы.

Форум “SCO Youth Dialogue” стартовал в Улкен Нарыне

На форуме «SKO Youth Dialogue» в Улкен Нарыне обсудили борьбу с наркоманией, интернет-мошенничеством и экологические инициативы