Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Қарасора» жедел алдын алу шарасы аясында полицейлер есірткі жеткізу арнасын анықтады.
— Соның барысында өңірдің 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол ірі көлемдегі есірткіні басқа қаладан жеткізгені белгілі болды, — делінген ақпаратта.
Оның үйін тінту кезінде жалпы салмағы 20 келіден асатын марихуана тәркіленді. Анықталғандай, «тауар» әрі қарай байланыссыз жолмен сатуға арналған.
— Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.