Әлеуметтік желіде тараған видео халықтың жағасын ұстатты. Онда көрінгендей, жасөспірім қыз мысықтарды қалай суықта қатырғанын ашық әңгімелеген. Сонымен қатар құстар мен үй жануарларының етін қайнатып көргені туралы жазбалар да жариялаған. Бұл оқиға қоғам арасында үлкен резонанс тудырып, жағдайға құқық қорғау органдары араласты.
— Аталған факті бойынша 17 жастағы қыз анықталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оларға қолданыстағы заңнама талаптары мен заңсыз әрекеттердің жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Материал кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданады. Комиссия тиісті шешім қабылдайды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.