Алдын ала дерек бойынша, дәмханада өткен мерекелік шараға 200-ге жуық адам қатысқан. Алайда олардың ішінде нақты қанша адам уланғаны белгісіз.
— Дәмхана қызметкерлерінің жалпы саны – 17 адам. Олардың тек сегізінде ғана медициналық кітапша болғаны анықталды. Мамандар дәмханаға жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, зертханалық сынамалар алды, — деп хабарлады қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан.
Ал полиейлер дәмхананы уақытша жауып, мөрледі. Жаппай улану дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 304-бабына (Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында науқастардың тұрғылықты жерлерінде де қосымша зерттеулер жүргізіліп жатыр.