в

ШҚО-да екі жүк көлігі бетпе-бет соқтығысып, 1 адам қаза болды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 28 шілдеде Бұқтырма демалыс орнына апарар тасжолдың 54-шақырымында болған.

— Howo маркалы жүк көлігінің жүргізушісі жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберіп, еңіс жолда рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан Өскеменге қарай бағыт алған SHACMAN жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан, — делінген ақпаратта.

Howo жүк көлігінің жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Ал SHACMAN жүк көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Туристам в Восточном Казахстане выдают карты с QR-кодом

В Усть-Каменогорске после свадьбы в ресторане госпитализированы 38 человек