в

Өскемен ЖЭО-да жөндеу жұмыстарының 50%-дан астамы аяқталды

Өскемен жылу электр орталығында жөндеу науқаны бел ортасына жетті. Негізгі жабдықтар бойынша жұмыстардың орындалу деңгейі 59,2%-ды құрап отыр.
№11 қазандық агрегатының жөндеуінен кейін іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде.
Сорғыш газ құбырларын ауыстыра отырып, №7 және №9 қазандық агрегаттарына ағымдағы жөндеу аяқталды. №7, 8, 10, 11 турбиналық агрегаттар да ағымдағы жөндеуден өтіп, №4 турбиналық агрегатқа күрделі жөндеу жүргізілді.
№8 қазандық агрегатының жылу оқшаулағышы толық алынып, бүйірлік экрандар мен бу және су құбырларын бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
№12 қазандық агрегатында бірінші сатыдағы бу салқындатқышқа монтаждау жұмыстары, бу өткізгіш құбырларды «суық» бу қыздырғыш пакетінен бастап ширмалық бу қыздырғышқа дейін, бу өткізгіш құбырларды барабаннан бастап төбелік бу қыздырғыш коллекторларына дейін монтаждау жұмыстары жалғасуда.
№13 қазандық агрегатының алдыңғы экранының құбырларын монтаждау және №9 турбиналық агрегатқа күрделі жөндеу жүргізілуде.
Ст.№11 қазандық агрегатына қарай орналасқан негізгі бу құбырының учаскесінде жұмыстар аяқталып, бу құбыры есепке қойылды. Ст.№12 қазандық агрегатына қарай жатқан бу құбыры учаскесінде жұмыстар жалғасуда.
Жерасты өндірістік су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде: шұңқыр камераларының қабырғаларына бетон құю және қазба жұмыстары жалғасуда.
№5 жаңа күл үйіндісінде жер қазу және геомембрана төсеу жұмыстары атқарылуда.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС басшылығы мен инженерлік құрамы жұмыстардың сапасы мен орындалу барысына тәулік бойы бақылау жүргізуде.

Более 50% ремонтов выполнено на Усть-Каменогорской ТЭЦ

За шесть месяцев 2025 года в государственные органы поступило более 2,7 млн. обращений