Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, су қоймасы жағалауына жүргізілген мониторинг нәтижесінде 18 жер телімінде заңсыз құрылыс жұмыстары жүргізілгені анықталды.
Бұл үйлер ешқандай рұқсат құжаттарын рәсімдеместен салынған. Тиісті материалдар мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау инспекциясына жолданып, меншік иелерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
— Жағалау бойындағы құрылыс жұмыстары барысы үнемі бақылап отыруды талап етеді. Құқықтық нормаларды бұзатын кез келген әрекет заң аясында қаралады, — дейді аудан әкімі Ренат Курмамбаев.
Оның айтуынша, жағажай аумағын бақылау тұрақты түрде жүргізіледі. Кеше аудан әкімдігінің өкілдері Жаңа Бұқтырма кентіндегі демалыс базалары орналасқан жерді аралап шығып, бірқатар өзекті мәселені талқылады. Атап айтқанда, қоқыс шығару, санитарлық тораптарды орналастыру сынды проблемалар назарға алынды.