2025 жылға арналған жоспарлы-ескерту шаралары аясында «БЭСК» АҚ Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарында электр желілері нысандарында жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл шаралардың мақсаты – алдағы жылыту маусымына дайындық барысында тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді әрі үздіксіз қамтамасыз ету.
Өшірілімдердің кестесі мен мекенжайлары апта сайын жаңартылып, «БЭСК» АҚ-ның ресми сайтында қолжетімді: https://besk.kz/ru/po
2025 жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша жөндеу жұмыстары келесі мекендерде жүргізілуде:
Өскемен қаласында:
• 23 шілде – «Винное» қосалқы станциясында Л-15: Новоульбинка, Винное ауылдары және ішінара Каменный Карьер;
• 24 шілде – ПС-22 Л-209 (Шмелев Лог ауданы: Теміржол, Лазо, Тельман, Ползунов, Рылеев, Партизан, Памирская көшелері және т.б.);
• 24–25 шілде – ПС-43 (Л-9, Л-10, Л-11, Л-15) – заңды тұлғалар нысандары, оның ішінде «УКТС» ЖШС және «Қазақтелеком» АҚ.
Алтай ауданында:
• 23–25 шілде – Серебрянск қаласы (Пушкин, Панфилов, Графтио, Ертіс және т.б. көшелер), Алтай қаласы (Лермонтов, Ломоносов, Путинцево көшелері), Новая-Бухтарма кенті, Средигорное және Парыгино ауылдары.
Үлкен Нарын ауданында:
• 24–25 шілде – Маймер ауылы (Тайбуга көшесі) және Ново-Хайрузовка ауылы (КТП-4).
Зайсан ауданында:
• 23–25 шілде – Зайсан қаласы (Сарсенов, Жәнібек, Сәтпаев, Куняров көшелері), сондай-ақ Шілікті, Сартерек, Жалши, Тасбастау, Капитан-Бұлақ, Кемпір-Бұлақ, Аққұдық, Половинка, Дәуал, Ауыз-Талды елді мекендері, «Тарбағатай Мұнай» вахталық кенті және «СтройЭнержиКомпаниз» ЖШС нысандары.
Тарбағатай ауданында:
• 23–25 шілде – Жалаңаш, Қабанбай, Сәтпай, Бесшатыр, Көктүбек, Жалғызтал ауылдары.
Жұмыстар негізінен сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, кейбір жағдайларда 18:00-ге дейін жүргізіледі.
Жағдай Шығыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрақты бақылауында.