Осыған байланысты сот ісі Катонқарағай аудандық сотында қаралды. Белгілі болғандай, бойдақ жәбірленушіні әңгімеге тартқан әйел оны құрбысымен таныстырып, үйленуге көмектесетінін айтып сендірген.
Алайда әйел өзі басқа атпен әлеуметтік желіде парақша ашып, сол жігітпен хат алмасқан. Оған тұрмысқа шығуға уәде беріп, түрлі сылтаумен жалпы сомасы 382 мың теңге сұрап алған.
Сотқа дейінгі тергеу барысында әйелдің бұл әрекеті алаяқтық ретінде бағаланды.
— Сот шешімімен айыпталушыға ірі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін еді. Алайда сотта тараптар татуласып, қылмыстық іс тоқтатылды, — деп хабарлады ШҚО сотының баспасөз қызметінен.