Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Назарбаев даңғылы бойындағы «Статус» сауда үйінен «Daniel» сауда орталығына дейінгі бұрынғы жаяу жүргіншілер жолағын қайта ашу туралы шешім қабылданды. Демек, енді халық жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің астымен де жүре алады.
23 шілдеде бұл жерге бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер өткелінің белгілері орнатылды. Таңертеңгі жағдай бойынша қоршаулар әлі алынып тасталмаған.
— Мердігер мекеме жаяу жүргіншілер жолағын бүгін іске қосуды жоспарлап отыр. Қазір 5.16.1(2) «Жаяу жүргіншілер жолағы» жол белгісін орнату жұмысы ғана қалды. «Зебра» жолақтары түнде сызылады, — делінген ақпаратта.