в

Өскеменде Ертіс көпірі астындағы демалыс аймағы 1 тамызға дейін дайын болады

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Ертіс жағалауындағы көпір асты кеңістігін абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

— Қазіргі уақытта заманауи әрі жайлы демалыс аймағын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жобаны 1 тамызға дейін аяқтау жоспарланған. Қала тұрғындарына жайлы, қауіпсіз әрі қолайлы қоғамдық кеңістіктер құру – басты мақсатымыз, — деді ол.

Айта кетейік, қаладағы кептелісті азайту мақсатында дәл қазір Пермитин көшесінен Славский жағалауына қарай өтетін Ертіс көпірі астында жол құрылысы жүргізіліп жатыр.

В ВКО молодёжь не испытывает проблем с трудоустройством

Год рабочих профессий: в Акмолинской области стартовал Республиканский слет молодежи