в

Шығыс Қазақстан құтқарушылары жаңа гидроциклдермен жүреді

Облыс құтқарушыларына жаңа гидроциклдер жеткізілді. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейту туралы тапсырмасы аясында облыс әкімдігі 3 «BRP Sea-Doo» гидроциклін сатып алды. Олардың басты артықшылығы — жоғары жылдамдық пен маневрлік. Соның нәтижесінде құтқару және алдын алу жұмыстарының тиімділігі артады.

— Жаңа су көліктерін сатып алу — бұл мемлекеттің азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жүйелі көзқарасының бір бөлігі. Осындай қолдаудың арқасында құтқарушылар төтенше жағдайларға жедел ден қойып, өз міндеттерін тиімдірек орындай алады, — дейді ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.

Школьникам ВКО показали, как подростков вовлекают в наркобизнес

Казахстан и Россия усиливают сотрудничество в сфере внутренней безопасности