Жыл сайын күздің қазан және қараша айларында қаладағы көмір тұйықтарында ұзын-сонар кезек қалыптасады. Соның алдын алу үшін әлеуметтік бағамен сатылатын қара отынды алуға өтінішті қабылдау ерте басталып отыр.
Әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы отбасыларды көмірмен уақтылы қамтамасыз ету үшін қала әкімдігі, «Қаражыра» көмір кен орнының басшылығы және
«Ауғанстан соғысы ардагерлері мен мүгедектері ұйымы» қоғамдық бірлестігі арасында үшжақты меморандум жасалды. Осының аясында жер үйлерде тұратын және қала маңындағы ауылдардың халқына көмірді – тоннасына 15 700-16 200 теңге аралығында сатып алуға мүмкіндік берілмек.
— Халық қара отынды төрт көмір тұйығынан ала алады. Өтініштер тұрғылықты мекенжайы бойынша Орталық аумақтық басқару бөлімшелерінде қабылданады, — деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінен.
Осылайша, көмірге өтінішті ертерек беру — күзгі суық басталған кезде кезек пен отын тапшылығының алдын алады.
Әлеуметтік көмірге аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, тыл еңбеккерлері мен өзге де әлеуметтік санаттағы азаматтар үміткер бола алады. Олар үшін көмір бағасы әр тоннасына орта есеппен 500 теңгеге арзан.