14 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп, 2025 жылы мамырда Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап өлтірген, күдікті топтың екі мүшесін ұстау бойынша операция жүргізді.
— Аталған адамдар 2025 жылдың маусымынан бері іздеуде болған. Оларға қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамдарды қасақана жасырып жүрген Алматы қаласының тұрғынын қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де шешіліп жатыр.