Қала халқы Назарбаев даңғылында орналасқан «Металлургтер» саябағында серуендеуге қорқатын болды. Олардың айтуынша, саябақ аумағын біраз уақыттан бері қаңғырған иттер мекендеп алған. Иттер кейде өтіп бара жатқан адамдарға тап береді.
Өткен демалыс күндері әлеуметтік желіде бірнеше адам саябақтағы иттердің шабуылдағанын жазды. Соның салдарынан медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған.
— Саябақ жанында тұратындықтан сонда жиі жаяу жүремін. Қазір мұнда иттер қаптап жүр. Адамға үріп, шабуылдай кетеді, — дейді қала тұрғыны Әсел Батамбаева.
Өскемен қалалық Полиция басқармасы жәбірленушіден шағым түскенін растады.
— Бұл ақпарат тиісті шаралар қабылдау үшін «Өскемен вет» ЖШС-не жолданды, — делінген ақпаратта.