21 маусымда Қара Ертіс өзеніндегі Боран ауылынан 5 шақырым жерде 2007 жылы туған жігіт суға батып кетті,оған 1991 және 1992 жылы туылған екі адам көмекке жүгірді, бірақ ағымды жеңе алмай суға батып кетті.
Оқиға орнында және ШҚО ТЖ департаментінде жедел штабтар құрылды.
2007, 1991 және 1992 жылы туылған суға батқан адамдардың денелерін құтқарушылар тапты.
Іздеуге Шығыс Қазақстан мен Абай облысының құтқарушылары, полицейлер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдар мен шекара қызметі қатысты. Барлығы176 адам,15 жүзу құралы, 3 ұшқышсызұшу аппараты, су астындағы дрон, 1эхолот.