Патрульдік полиция қызметкерлері Шемонаиха ауданына қарасты Большая Речка ауылынан жүкті әйелді қаладағы медициналық мекемеге уақытылы жеткізуге көмектесті.
— Жолда жедел жәрдем көлігінің жарық және дыбыстық дабылдарын байқаған полицейлер бірден оны ілесіп алып жүру туралы шешім қабылдаған. Қозғалысы қарқынды жол учаскелерінде тәртіп сақшылары арнайы автокөлікке кедергісіз жүруге мүмкіндік жасап, жол жүру уақытын едәуір қысқартты, — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметінен.
Медицина қызметкерлері мен болашақ ананың жақындары полиция қызметкерлеріне кәсіби әрі жанашырлықпен көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.
– Жол небәрі бірнеше минутқа созылды, бәрі сәтті өтті. Полицияға үлкен рақмет, – деді отбасы мүшелерінің бірі.