Қатонқарағай аудандық сотында пробация қызметінде шартты түрде соттаудың күшін жою туралы іс қаралды.
Белгілі болғандай, П. есімді азаматқа ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша пробациялық бақылау орнатыла отырып, шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Алайда П. жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзып, электрондық бақылау құрылғысын бүлдірген. Одан соң қашып кеткен. Іздеу жарияланып, соның нәтижесінде ол Астана қаласында ұсталды.
Қорытынды жасамаған және түзелу жолына түсуді қаламаған П. есімді азаматтың мінез-құлқын ескерген сот шартты түрде соттаудың күшін жойып, оның жазасын бас бостандығынан айыруға қатаңдатты. Енді ер адам 5 жылын түрмеде өткізеді.