в

ШҚО-да 300-ден астам түлек «Алтын белгі» иегері атанады

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 11-сыныпты 4 мыңнан астам оқушы аяқтады.

Апта ішінде өңірде мектеп бітіру шаралары бастау алады. Қазірдің өзінде кейбір білім ордаларында салтанатты жиындар өтіп, түлектерге аттестаттар табысталып жатыр.

— Биыл 368 түлек «Алтын белгі» иегері атанады. Сонымен қатар 403 оқушыға үздік аттестат беріледі, — деп хабарлады ШҚО Білім басқармасының баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, алдағы жаңа оқу жылында Шығыс Қазақстанда алғаш рет мектеп табалдырығын 10 мыңнан астам бүлдіршін аттайды.

Өскемендегі Славский жағалауы жарықсыз қалды

Өскеменде жол апатына түскен көлік аударылып қалды