в

Самар ауданында негізгі туристік жолды орташа жөндеу жұмыстары басталды

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында «Өскемен-Самар-Васильев өткелі» жолын орташа жөндеу жұмыстары бастау алды. Бұл учаске өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту және танымал демалыс орындарына көлік қатынасын қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие.

Жоба бойынша 21 шақырым жолды жөндеу көзделген. Оның алтауы осы жылдың өзінде жаңартылады. Жобаны іске асыру екі жылға есептелген.

Бас мердігер — «ДСУ-14» ЖШС. Бастапқы кезеңнің барысын Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов мердігер мекеме өкілдерімен бірге өзі бақылады.

— Аудан тұрғындары туристік және транзиттік әлеуеті жоғары жол учаскесін жөндеу қажеттілігі туралы мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасы бойынша жобаны жүзеге асыру биылдан басталды, — дейді Серік Жеңісов.

В областном медцентре Восточного Казахстана обновили гинекологическое отделение

Гроза и высокая пожарная опасность ожидаются в ВКО