back to top

Өскеменде бас, мойын және қуықасты безі обырын ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтеді

21 маусым күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін ШҚО Онкология және хирургия көпсалалы орталығында бас пен мойын ісіктері туралы республикалық ақпараттық апталық аясында Ашық есік күні өтеді. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанова мәлім етті.

Аталған күні өңір тұрғындары алдын ала жолдамасыз әрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан тегін кеңес ала алады. Өздерімен бірге жеке куәліктің болуы жеткілікті.

Осы ретте онколог мамандар бас және мойын обыры – дүниежүзінде таралуы жағынан алтыншы орында тұрғанын ескертті. Жыл сайын бұл дерт 700 мыңнан астам адамның өмірін жалмайды. ШҚО-да 2025 жылдың алғашқы бес айында бұл топтағы қатерлі ісік алғаш рет 76 адамда анықталған.

Соның үштен біріне жуығы дерттің ерте сатысында диагностикаланған, бұл тиімді емделу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.
Қуықасты безі обырының көбеюі де ерекше алаңдаушылық тудыруда – бұл 50 жастан асқан ер адамдар арасында ең жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. Өңірде аталмыш диагноз 940 пациентке қойылып, ШҚО осы көрсеткіш бойынша елімізде алдыңғы қатарда тұр.

Ашық есік күні аясында дәрігерлер ауыз қуысы, бас және мойын терісі, қалқанша безі сияқты анатомиялық аймақтарға визуалды тексеріс жүргізеді.

Новые статьи

В Восточном Казахстане 20 семей получили ключи от новых квартир

В Усть-Каменогорске состоялась торжественная церемония вручения ключей от новых квартир жителям, нуждающимся в жилье. Мероприятие прошло 14 марта и было приурочено к празднованию Көрісу...

Более 11 тысяч детей родились в Казахстане благодаря программе «Аңсаған сәби»

В Казахстане подвели итоги реализации государственной программы поддержки семей «Аңсаған сәби», направленной на повышение доступности вспомогательных репродуктивных технологий. За пять лет её работы тысячи...

Курт, мёд и жент: чем удивил Восточный Казахстан на ITB Berlin

На международной туристической выставке ITB Berlin делегация Восточно-Казахстанской области презентовала не только туристический потенциал региона, но и местные гастрономические продукты. Представители туристической индустрии и...

Плюс один спортивный объект для ВКО: в Усть-Каменогорске построят волейбольный центр

Строительство нового спортивного центра планируется завершить до конца текущего года. Недавно аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов посетил участок, где началось строительство волейбольного центра. В двухэтажном...