в

ШҚО-да Өскемен-Рахман қайнарлары тасжолының жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Өскемен-Рахман қайнарлары» тасжолында жөндеу әрі құрылыс жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда бұл жұмыстар 56-72 және 72-88 шақырым аралығындағы учаскелерде жүргізілуде.

Негізгі кезеңдер аяқталды. Нақты айтқанда, жолдың осі қалпына келтіріліп, құнарлы топырақ қабаты алынды. Жер төсемі төселіп, уақытша айналма жол салынды.

Қазір негізгі жер төсемін қалыптастыру және таулы аймақтарға арналатын су бұру арналарын салу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін бұл жол Шығыс Қазақстанның ең көрікті аймақтарының біріне апаратын қолайлы, заманауи әрі қауіпсіз бағытқа айналмақ.

Өскеменде 16 аула абаттандырылып жатыр

Өскеменде бас, мойын және қуықасты безі обырын ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтеді