в

ШҚО оқушылары «AIBYN-2025» халықаралық байқауына дайындалып жатыр

Шығыс Қазақстан облыстық «Shygys Aibyn-2025» әскери-патриоттық байқауының жеңімпаздары атанған Алтай қаласындағы С. Нұрмағамбетов атындағы мектептің оқушылары «AIBYN-2025» халықаралық сайысының келесі кезеңіне белсенді дайындық үстінде.

Көктемде Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімде өткен аймақтық байқауда жеңіс жалауын желбіреткен команда облыс намысын республикалық деңгейде қорғауға мүмкіндік алды. Алда оларды Актөбе қаласында өтетін жарыс күтіп тұр.

– Біз күн сайын саптық дайындықпен, спорттық жаттығулармен және алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтарымен әзірлік жасап жатырмыз. Әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен атқаруға тырысамыз. Мақсат – алда келе жатқан байқауда үздік нәтиже көрсету, – дейді 8-сынып оқушысы, команда мүшесі Рысбек Әлімхан.

Жаттығулар барысында оқушылар саптық қозғалыстарды, әскери-қолданбалы спорт түрлерін, алғашқы көмек көрсету тәсілдерін және тактикалық әрекеттерді жетілдіруде.

— Балалардың жауынгерлік рухы мықты. Олар тәртіп пен бірлікті сақтай отырып, үлкен жарысқа сенімді дайындалуда. Команданың мотивациясы өте жоғары, — дейді «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі ШҚО филиалының төрағасы Даурен Шоматов.

Айта кетейік, «AIBYN-2025» байқауына Қазақстанның барлық өңірінен оқушылармен қатар, 11 шет елдің өкілдері де қатысуға өтініш білдірген. Шығысқазақстандық айбындықтар 19 маусым күні республикалық кезеңге жол тартады.

Как казахстанцы будут отдыхать в июле 2025 года  

Среди стран СНГ в Казахстане самое дорогое такси