Алтай аудандық сотында колледжде күндізгі бөлімде оқитын студент әкесінен алимент өндіру туралы талап-арызбен жүгінген.
Белгілі болғандай, ол ата-анасынан бөлек тұрады. Жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ. Ал әкесі ешқандай материалдық қолдау көрсетпеген. Осыған байланысты студент 21 жасқа толғанға дейін өзін асырауға ай сайын 30 АЕК мөлшерінде алимент төлеуді сұрады.
Сотта тараптар медиация тәртібімен татуласып, келісімге келді. Келісім бойынша, әкесі ұлының оқу кезеңінде ай сайын 30 АЕК мөлшерінде алиментті оның банктік картасына аударып отырады. Төлем әр айдың 7-сіне дейін жүргізілуі тиіс. Осылайша, сот ісі тоқтатылып, келісім заңды күшіне енді.